ҚМДБ-ның Оқу-ағарту бағытының талабына сай Павлодар облысы өкілдігінің күзгі семинарлары басталды. Семинарға Павлодар облысындағы мешіттерге қарасты барлық дін қызметкерлері қатысуда. Семинар Павлодарский аулындағы «Әбу Бәуір Сыддық» медресе-колледжінің жанындағы «Қасым қажы» мешітінде жүрілуде.
Алғашқы кездесу ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі уағызшы, жас ғалым Ерсін Әміре мырзаның лекциясымен басталып, қазіргі өзекті мәселелер көтеріліп, сұрақ-жауаптармен аяқталды.
Семинар арықарай Құран, Тәжуид, Ақида, Дін мен дәстүр бағыттары бойынша жалғасын табатын болады.





