ҚМДБ, Павлодар облысы өкілдігіне қарасты қала, аудан имамдарының кезекті жиналысы осы жолы Тереңкөл ауданында өткізілді. Жиналысқа барлық қала, аудан имамдары толығымен қатысты.
Жиналыста алғашқы 7 айда атқарған жұмыстар есебі беріліп, қорытынды жасалды. Жұмыс есебі 5 бағыт бойынша (дін мен дәстүр, ихсап және насихат, діни оқу ағарту, жат діни ағымдардан сақтану) беріліп, Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар талқыланып, ай сайын семинарлар өткізіп тұру туралы ақылдасты.
Сонымен қатар «Әбу Бәкір сыддық» медресесіне шәкірт қабылдау мәселесі қарастырылды. Имамдардың білімін тұрақты жетілдіріп тұру үшін тамыз айында А.В.С тобына бөліп емтихан өткізу туралы айтылып, дайындық жұмыстары жасалды.



