Ел аумағында өткізілген «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» акциясына ҚМДБ, Павлодар облысы өкілдігіне қарасты қала, аудан, ауыл мешіттері белсене қатысты. Мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруы ,жамағаттың қолдауымен облыс көлеміндегі барлық мешіттің іші-сыртына тазалық жасау жұмысы белсенді жүргізілді.
«Әйел-қыздар секторы»-ның үйлестіруімен әйел жамағат мешіттердің ішне жан-жақты толық тазалық жасады. Ал ер жамағат мешіт ауласын қар мен жапырақты тазалап, қоқыстардан арылтты.
«Әбу Бәкір сыддық» медресе-колледжі шәкірттері де медресе аумағына толығымен тазалау жұмысын белсенді атқарды.
Науқан барысы туралы барлық қала, аудан, ауыл мешіттерінен суретті ақпараттар келтіріліп, бұл шараға қалалық «Ақмешіт», «Бижан», «Әбубәкір сыддық», «Ғазиз» және Екібастұз, Ақсу қалалық мешіттері ерекше белсенділік танытқаны атап өтілді.















