ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық қорының» бастамасымен Павлодар облысы бойынша мешіттерде «Мектепке жол» акциясы жүргізілді.
Бұл науқанға Павлодар облысына қарасты барлық қала, аудан мешіттері қатысып, өздерінің жағдайына қарай қолдарынан келгенше оқушыларға, шәкірттерге, студенттерге көмек көрсетті.
Атап айтар болсақ, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті 100ге жуық оқушыға сөмке үлестірсе, облыс бойынша 700ге жуық оқушылар сөмкесі, 70 ке жуық балаға демеушілер арқылы киім-кешек үлестірді. Әр сөмкенің ішінде ең маңызды деген кеңсе тауарлары бар.
Осылайша, әрбір аудан мешіті өзінің жағдайына қарай «Мектепке жол» науқанына үлес қосты.





