ПАВЛОДАР: МЕШІТТЕРДЕ «ИМАНИ ЖАЗ-2024» ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАР: МЕШІТТЕРДЕ «ИМАНИ ЖАЗ-2024» ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

1127
1 мин
ПАВЛОДАР: МЕШІТТЕРДЕ «ИМАНИ ЖАЗ-2024» ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

ҚМДБ, Оқу-ағарту бөлімінің тапсырмасымен Павлодар облысы, барлық ауыл, аудан, қала мешітінде «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсы басталды. Сонымен қатар орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде өткен «Имани жаз-2024» іс-шараның ашылуына облыс бас имамы Бертымұратов Жолдас қатысып, бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, батасын берді.

Бас имам өз сөзінде бүлдіршіндер мен ата-аналарға шариғи білім алудың маңызы мен ерекшеліктерін, жазғы сауат ашу курсының басымдық беретін тұстарын айта келе, ең бастысы балалардың тәртібі мен денсаулығы және қауіпсіздігі екенін ерекше атап өтті. Бұл жылғы бір ерекшеліктің бірі арнайы дайындалған «Имандылық әліппесі» оқулығы арқылы сабақтар жүріледі. Сонымен қатар әр күн сайын балаларға арналған ас-су беріліп, спорттық жарыстар ұйымдастырып, балаларды зеріктірмей қызықты өткізуге көп назар аударылатын болады.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс