Павлодар қаласында ҚМДБ-ға қарасты «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжі бар. Әр жыл сайын аталмыш оқу орнын тәмамдаған түлектеріміз еліміздің түкпір-түкпірінде асыл дінімізге қызмет етуде.
2023-2024 оқу жылында күндізгі оқу нысанында 5 студент бітірді. Олар сұранысқа сай қызметке орналасады.
Сонымен қатар дуалды оқу форматында 10 дін қызметкері медресе дипломына ие болды. Бұл мемлекеттік стандарттағы диплом олардың орта арнайы білім дәрежесіне ие болғанын көрсетеді. Олар арықарай өз қызметіне оралып, білім-біліктілігін шыңдап асыл дінімізге қызмет ететін болады.
Жалпы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің оқу базасы демеушілер арқылы жыл сайын дамып келеді, сонымен қатар медресе бітіруші түлектер саны да жылдан-жылға артып келеді.





