Арафа күні кешке Павлодар қаласы, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде 500 адамға ауызашар берілді. Ауызашарды жамағат өзі ұйымдастырды. Аузы берік болған Павлодар қаласындағы жамағаттың түгелдей қатысты.
Ауызашарда арафа туралы түсініктемелер берілді. Дұға жасалды. Құран хатім түсірілді.Уағыз айтылды.
Сонымен қатар осы шарада Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір сыддық» мешітінде 4 жылға жуық ұстаздық қызмет атқарған Нұрсұлтан ұстазға жамағат атынан автокөлік кілті табысталды. Өйткені ол кісі жұмыс бабымен басқа облысқа көшіп бара жатыр. Нұрсұлтан ұстаз осы жылдар уақытында тек медресеге сабақ беріп қана қоймай, халыққа уағыз айтты, өңірлік БАҚ құралдары арқылы оларды имандылыққа шақырды, көптеген іс-шараларда ақыл-оймен, адамгершіліктің үлгісін көрсетті. Павлодарлық жамағат Нұрсұлтан ұстазға алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Биылғы Арафа күні осындай игі шара атқарылды.



