ҚМДБ, «Дін мен дәстүр» жобасы аясында Баянауыл аудан орталығында «Мұса-мырза» мешітінің ұйымдастыруымен Павлодар облысы бойынша аудан, қала, мешіттері жамағатының арасында волейболдан жарыс өтті.
Жарысқа барлық аудан мешіттерінің командалары қатысты.
Жамағат арасында Баянауыл «Мұса-мырза» мешітінің командасы бірінші орын иеленіп 100000 тенге ауыспалы кубокқа ие болса, екінші орынды Павлодар қалалық «Әбубәкір сыддық» мешіті иеленіп, алғыс хат 75000 тенге, үшінші орынды Екібастұз ауданы Ақкөл мешітінін командасы ие болып, алғыс хат 50000тенге, төртінші орынды Павлодар қалалық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің командасы иеленіп марапат ақшалай 25000тенге сыйлықтарға ие болды.
Барша мешіт жамағатына береке-бірлік, табыс тілейміз деп хабарлайды Баянауыл ауданының бас имамы Саян Кожин.




