ОБЛЫС БАС ИМАМЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

863
1 мин
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ҚМДБ, Павлодар облысы өкілдігінің бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы Павлодар қаласындағы С.Торайғыров университетінде білім алып жатқан студенттермен кездесу өткізді.

Кездесу жалпы «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында өткізіліп отбасындағы тәрбие, имандылық, адамгершілік туралы әңгімелермен өрби келе, бүгінгі жастар арасында көрініс беріп жүрген қауіп-қатерлер болушы- игромания, наркомания, лудомания туралы да ойлар ортаға салынды.

Білім ордасында өткен кездесу болғандықтан Жолдас Қоспақұлы білім алудың абзалдығы, білім алуға ерекше көңіл бөлу туралы, сонымен қатар жат ағымнан сақ болу туралы кеңінен ескертіп, ақыл-кеңестер берді.

Соңында бас имам оразаға қатысты және басқа да діни мәселелер жөнінде көптеген сұрақтарға жауап берді.

Мұндай кездесулер әлі де жалғасын табатын болады.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс