ҚМДБ -ның Құран секторы бөлімінің тапсырмасына орай Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде облыстың ұстаздары мен азаншыларына арналған оқыту-семинары ұйымдастырылды. Шараға мешіт ұстаздары мен азаншылары қатысты.
Семинарда Құран, Тәжуид және азан айту тәртібі мен сүннеттері түсіндірілді.
Семинарды Павлодар облысы бойынша Құран секторының өкілі Манас Айдарбекұлы мен «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұстазы Дәулет ұстаз жүргізді.




