НАИБ ИМАМҒА ҚАЖЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

НАИБ ИМАМҒА ҚАЖЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

307
1 мин
НАИБ ИМАМҒА ҚАЖЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Қасиетті жұма күні Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қанат Қабдыкәрімұлы Қабаевқа үлкен қажылыққа баруға сертификат табыстады.

Қанат Қабдыкәрімұлы 2005 жылы «Нұр-Мубарак» университетін бітіріп келгеннен бері қалалық «Ақмешіт» мешіті және облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде тапжылмай 20 жыл бойы наиб имам қызметін атқарып келеді. Осы аралықта ол бірде -бір рет умра, немесе үлкен қажылыққа бармаған. Жұмысына адал, білімді, мінезі біртоға имам жамағат арасына да үлкен беделге ие.

«Жуырда мешітіміздің жамағат ағалардың бірі Қанат имамды қажылыққа жіберуге шынайы ниет білдіріп, демеушілік көрсетті. Осының нәтижесінде Қанат имам «Tawaf travel» қажылық компаниясы арқылы қажылыққа бару мүмкіндігіне ие болды. Жол амандығы болып, аман-есен барып келсін»-дейді өкіл имам Жолдас Қоспақұлы.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс