«MUFTIYAT» БАСПАСЫ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

«MUFTIYAT» БАСПАСЫ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

399
1 мин
«MUFTIYAT» БАСПАСЫ ӨНІМДЕРІНІҢ  КӨРМЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Павлодар облысы, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің кітапханасында «Muftiyat» баспасының өнімдерінен көрме өткізілді.

«Өңір тұрғындарының діни сауатын арттыру, имандылыққа баулитын отандық басылымдарды насихаттау және кітап оқу мәдениетін жандандыру мақсатында осы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге діни-танымдық, рухани тәрбие, отбасылық құндылықтар және ұлттық дәстүрлер тақырыбындағы түрлі кітаптар мен әдістемелік құралдарды топтастырдық» -дейді бас имам Жолдас Қоспақұлы.

«Көрмеде «Muftiyat» баспасынан соңғы жылдары жарық көрген 100-ге жуық кітаптар арнайы сөреге ретімен қойылып жиналған жамағатқа кітаптардың негізгі мазмұны таныстырылды. Кітапханамыз кітапқа бай. Бізде Тәуелсіздік жылдарынан бері ҚМДБ-ның сараптамасы арқылы жарық көрген діни әдебиеттермен қатар көне кітаптар да баршылық. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің классиктері, Алаш ардақтыларының, «Мәдени мұра» арқылы жарық көрген мұралар кітапханамызда толығымен жинақталған»- дейді кітапханашы Назым Ғизатқызы.

Мешіттің көптеген жамағаты осылайша «Muftiyat» баспасының жаңа басылымдарымен жақын танысты.

1.jpeg

2.jpeg

4.jpeg

8594656d-81b3-4ae1-ba60-ba7d104702b2.jpeg

5.jpeg

 

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс