«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» - ШАРБАҚТЫ МЕШІТІНДЕ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» - ШАРБАҚТЫ МЕШІТІНДЕ

826
1 мин
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» - ШАРБАҚТЫ МЕШІТІНДЕ

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы “Қызыр” мешіті 20 оқушыға оқу құралдары салынған сөмке сыйлыққа таратты.

Шараға аудан орталығы және шалғай ауылдардан ата-аналардың өтініштері ескеріліп, білім басқармасынан берілген тізім бойынша оқушылар қамтылды.

Қайырымдылық шарасын өткізуден бұрын, ортақ топтарға хабарламалар жазылып, халық арасынан мектепке 2-3 баласы баратын отбасылар сұрастырылды. Айтылған ақпараттарға сәйкес оқушылар қамтылып, он қыз бала, он ер балаға оқуға қажетті жабдықтарымен, қазақы ою өрнектермен нақышталған сөмкелері таратылды.

«Республика бойынша өткен шараға Шарбақты ауданы “Қызыр” мешіті де шет қалмай қатысып келеді. Бұл қайырымдылық шарасы мешітімізде 5-ші рет өтіп отыр. Әр жыл сайын қолдау көрсетіп, қамқорлық жасап келе жатқан кәсіпкер ағаларымызбен апа әпкелерімізге алғыс айтамыз. Өзінің қаражатынан қолдау көрсеткен жергілікті тұрғындармен жамағаттарымыз да бұл шарадан шет қалмады. Алла елімізге амандық, жастарымызға береке берсін. Жаңа оқу жылы құтты болсын»-дейді Шарбақты ауданы “Қызыр” мешітінің бас имамы Ақжол ИСАБЕК.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс