Павлодар облысына арнайы ҚМДБ, «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы Рсымов келіп қала, аудан имамдарымен және қабірстанға жауапты кісілерімен және қала әкімшілігінің мамандарымен «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде арнайы кездесіп, семинар өткізді.
Әуелі облыстық қамқор-шарапат мамандарының атқарып жатқан жұмыстарын тыңдады. Келесі кезекте мәйітті жерлеу рәсімі, бекітілген рәсімді халыққа кеңінен насихаттау, түсіндіру, бірізге түсіру, ысырапқа жол бермеу мәселелері бойынша жан-жақты айта келіп, сұрақтарға жауап берді.
Семинардан соң Павлодар қаласына жақын орналасқан Атамекен кентіне қабірстанды және қалалық «Ақмешіт» мешітінің мәйітті жуындыру орнын көрді. Соңында жауапты адамдарға тиісті тапсырма мен кеңестерін айтып берді.





