ҚМДБ, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісінің м.а. Кенжалин Данияр Айтбайұлы арнайы іс-сапармен Павлодар облысында болды.
Данияр Айтбайұлы бірінші кезекте имамдар мен басқа мекемелердегі дін саласына жауапты болған мамандарға «Жат ағымның идеолгиясын алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Семинар Павлодар ауданына қарасты «Қасым қажы» мешітінде жүргізіліп, қазіргі уақыттағы тенденциялар туралы айтылып, сұрақтарға жауап берілді.
Келесі кезекте «Әбу Бәкір сыддық» медресе-колледж шәкірттермен кездесіп, қазіргі уақыттағы мүфтияттың іс-қызметінің бағыттары, жат ағыммен күресі туралы айтылып, дәстүрлі дін туралы түсінік берілді.
ҚМДБ өкілі келесі кезекте Павлодар қаласындағы Түзету мекемесіндегі сотталушылармен кездесіп, сұрақтарына жауап берді
Соңында Екібастұз қалалық мешітінде ақшам намазынан кейін жамағатқа дін мен дәстүр, дұрыс жолмен жүру керектігі, мазһабтың қажеттілігі, ақиданың дұрыс болуы туралы уағыз айтты.









