Жуырда ҚМДБ-на қарасты Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Павлодарлық Кажуев Медет имам іс-сапармен келіп біршама маңызды іс-шаралар өткізді. Атап айтар болсақ:
-ZAGS Мекемесінде колледж студенттерімен кездесу ұйымдастырылып «Деструктивті ағымдардан сақтану жолдары» тақырыбында әңгіме өткізді.
-USSO мекемесінде қызметкерлермен кездесіп, «Суицидтің салдары және оның алдын алу» тақырыбында сұхбат жүргізді.
-№5 жазасын өтеу мекемесінде «Ақида және иман негіздері» тақырыбында дәріс оқыды.
-Қалалық «Паң Нұрмағамбет» атындағы мешітте бесін намазы алдын жамағатқа «Қиямет күні 7 түрлі адам Алланың панасында болады» деген хадисті түсіндірді. Ал ақшам намазы уақытында «Иман негіздері» және басқа да діни тақырыптар бойынша жамағатпен сұхбаттасты.
GOVD ДРТ бөлімінде «Деструктивті ағымдардан сақтану, алдын алу жолдары» тақырыбында, «Тарлан» спорт кешені қызметкерлерімен жат ағымдардың алдын алу, олардан балаларды қорғау тақырыбында әңгімелер өткізіп, мешітте «Қоршаған орта және аманат» тақырыбында жұма уағызын өткізді.







