Алла Тағала қасиетті Құрандағы "Нахыл" сүресінің 18-аятында: "Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар",-деп айтқан.
Осындай адам баласына берілген үлкен нығметтердің бірі-денсаулық.
Қазан айының 19-шы жұлдызы күні Майқайың кентінде «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен волейболдан әйел-қыздар жамағаты арасындағы облыстық ауыспалы кубок сайысы өткізілді. Жыл сайын өтуі дәстүрге айналған спорттық шараның мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа баулу және үздік командаларды анықтау болатын.
Облысымыздың 7 мешітінен қыздар командалары сайысқа қатысты. Олар: «Мәшһүр Жүсіп» мешіті, «Ақмешіт» мешіті, «Шайқы ата» мешіті, «Әбу Бәкір сыддық» мешіті, «Ғабдул-Уахит хазірет» мешіті және Майқайың кентінің мешіті. Сайыс қызу тартыспен қызықты болып өтті.
Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, мадақтама хат, ақшалай сертификаттар табысталды.
1-орынды Майқайың кенті мешітінің командасы,
2-орынды Екібастұз қалалық мешітінің командасы
3-орынды "Әбу Бәкір сыддық" мешітінің командасы иеленді.
Сондай-ақ, «Шайқы ата» мешіті командасының ойыншысы Имангазинова Айнелла – «Үздік қорғаушы», «Мәшһүр Жүсіп» мешіті командасының ойыншысы Музрапова Латофат «Үздік шабуылшы» атанып, марапатқа ие болды.
Орын иеленбеген басқа командаларға жұбаныш сыйлығы табысталды.
Ойынға қатысқан барлық команда мүшелеріне ақ дастархан жайылып, ақ тілектер айтылып тарқасты.













Айгүл МҰХИТ,
Майқайың мешітінің ұстазы