Алла елшісі (с.а.у)-нің құрметіне арналған Мәуліт мерекесіне орай Ертіс ауданы Ағашорын аулы мешітінің ұйымдастыруымен аудандық Құран жарысы ұйымдастырылды.
Жарысқа Ертіс ауданы орталық мешітінің және Қызылжар аулы мешітінің шәкірттері келіп қатысты.
Құран жарысы Ағашорын аулы мешітінің ақсақалдары, жамағат ағаларымыздың демеушілігімен:
Бас жүлде-50 000тг
1орын-30 000тг
2орын-20 000тг
3орын-15 000тг
3орын-15 000тг
4орын-10 000тг жүлде қоры жиналды.
Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені «Ағашорын» мешітінің шәкірті Думан қанжығасына байласа, келесі жүлделі орындарды «Ержан» мешітінің шәкірттері Якуб, Арлан және Марғұлан, «Ағашорын» мешітінің шәкірті Ерлан және «Қызылжар» аулы мешітінің шәкірті Нурали-лер иеленді.
Орын иеленбеген барлық қатысушыларға да сый-сияпат жасалып және 2000 теңгемен ақшалай ынталандырды.
Демеушілік жасаған барлық ағаларымызға және ауылымыздың ақсақалдарына «Алла разы болсын!» айтыпе отбасыларына амандық тілейміз»-деп хабарлайды «Ағашорын» ауылдық мешітінің имамы Какимов Амантай.



