ҚМДБ, Павлодар қаласы, «Мәшһүр Жүсіп» мешіті «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруында. «Мәуліт айы құтты болсын» атты рухани кеш өткізілді.
Рухани кеш Құран оқумен басталды.
«Әйел-қыздар секторының» жетекшісі Тұргынбай Ақерке ұстаз Пайғамбарымыз (с.а.с) -ға сүйіспеншілік туралы насихат айтса, мешіт шәкірттері арнайы жамағатқа әзірлеген «Пайғамбарымыз (с.а.с)-ға сағыныш» атты сахналық көрніс қойды.
Пайғамбарым(с.а.с)-ыздың өмірі туралы бейнежазба көрсетіліп, нашидтер мен монологтар айтылды. Жамағаттар арасынан салауат айтудан ватсап желісі арқылы ұйымдастырылған жарыстың қорытындысы хабарланып жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.
Жеребе тартылып қонақтарға мәуліт сыйлықтары үлестірілді.
Ақ дастархан соңында жасы үлкен апамыз батасын берді.









