Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітіне қарасты Павлодар ауданы Кемеңгер улының «Мұрат ишан» мешітіне имам тағайындалды. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти хазіреттің бұйрығымен Нұртанов Саттар Мұратұлы осы мешітке имам болып тағайындалды. Осы уақытқа дейін аталған мешітте 8 жылға жуық имамдық қызмет атқарған Кажуев Медет Ғабдуллаұлы Павлодар қалалық "Ғазиз" мешітіне наиб имам болып ауыстырылды.
