Ұлы Жеңіс күні құрметіне арнап «Екібастұз» қалалық мешіті және Екібастұз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы»-ның бірлесіп ұйымдастыруымен облыс мешіттері жамағаты арасында футболдан облыстық турнир өткізілді. Жарыстың мақсаты мешітаралық жамағат арасындағы бауырмалдылық пен мейірімділікті арттыру.
Жарысқа облысқа қарасты мешіттерден 16 команда қатысты.
Турнир нәтижесі бойынша:
Бірінші орын иеленген Екібастұз қалалық мешітінің «Фатих» командасы жарыс кубогі және 100.000 теңге ақшалай сыйлық,
Екінші орын иеленген Майқайын мешітінің жамағатына кубок, 75.000 теңге ақшалай сыйлық,
Үшінші орын иеленген Ақсу қалалық мешітінің командасына кубок, 50.000 теңге ақшалай сыйлықтар берілді.





