ӨКІЛ ИМАМ ПАВЛОДАР АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ МЕШІТТЕРДЕ БОЛДЫ

ӨКІЛ ИМАМ ПАВЛОДАР АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ МЕШІТТЕРДЕ БОЛДЫ

577
1 мин
ӨКІЛ  ИМАМ ПАВЛОДАР АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ МЕШІТТЕРДЕ БОЛДЫ

Бүгін Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Клышев Әбілқайырмен бірге арнайы Павлодар ауданына қарасты бірнеше ауыл мешітінде болып, тұрмыс-тіршілігімен танысып, ауыл жамағатымен кездесіп қайтты.

Алдымен Набережный аулындағы «Нұржаусын» мешітінде болған өкіл имам жиналған жамағатқа «Ислам және отбасы құндылығы» туралы жан-жақты түсініктемелер айтып, сұрақтарға жауап берді

Екінші кезекте Чернорецк ауылы, «Әбу Шахман» мешітінде болып ҚМДБ-ның іс-қызметтерінде алға қоятын басты төрт бағыт туралы жан-жақты кеңінен түсіндіріп, ауыл азаматтарын, жастарды жат ағымдар жетегінен сақ болуы туралы насихаттар айтты.

Өкіл имамның іс-сапарының соңында Жамбыл ауылы мешітінде болды. Ол жерде ауыл халқымен бірге сенмбілікке қатысты. Соңында жиналған жамағатқа және ауыл тұрғындарына ҚМДБ-ның негізігі бағыттпары туралы түсіндірді.

Бұл жұмыстар арықарай өзінің жалғасын табатын болады.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс