Павлодар облысының өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы жұмыс бабымен Алматы қаласында болған сапары барысында арнайы «Нұр-Мүбарак» қазақ-египет ислам мәдениеті университетінде болды. Университетте білім алып жатқан Ертіс-Баян өңірінің студенттерімен кездесіп, олардың тұрмыс -тіршілігімен танысып, өтініші, ой-пікірлерін тыңдады.
Өкіл имам шәкірттермен кездесуінде «Әрбір адам баласы оқуын бітірген соң алған білімі бойынша өзінің туып-өскен жерін гүлдендіруге ат салысқаны абзал болмақ. Бүгінгі таңда өздеріңдей білімді, білікті жастарға туған өңірлерің мұқтаж. Сендерді еліне келіп еңбек етеді деп күтетін боламыз»-деді.
Кездесу соңы өкіл имаммен шәкірттер арасында сұрақ-жауаптармен жалғасын тауып, жақсы түсіністікпен байыды.



