21 тамыз күні Павлодар облысы бойынша Ертіс ауданы "Ержан" мешітінің ұйымдастыруымен шәкірттердің арасында "Ислам және дәстүр құндылығы" тақырыбында хадистерді жатқа айту сайысы өтті.
Сайысқа 30 шәкірт қатысты.
Тіптен, 10 жастағы Махатов Арыстан (Кенжекөл ауылы "Шайқы ата" мешіті) да қатысып бағын сынады.
Сайыстың мақсаты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін таныту және мұсылман өміріне маңыздылығын көрсету.
Нәтижесінде: бірінші орынды Ақсу қалалық мешітінің шәкірті Жанғазы Акымбек Ботайұлы, екінші орынды Ақсу қалалық мешітінің шәкірті Жанғазы Қуаныш Ботайұлы, үшінші орынды "Әбу Бәкір сыддық" медресе колледжінің шәкірті Бекболатұлы Әли иеленді.
Сайыста белсенділік танытқан үшін ынталандыру сыйлықпен Ертіс ауданы "Ержан" мешітінің Ахмет Медеу мен Павлодар қаласы "Мәшһур Жусуп" орталық мешітінің шәкірті Мәдениет Тамерлан Азаматұлы марапатталды.
Сайысқа арнайы келген облыс бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы жеңімпаздарды құттықтап, сыйлықтарын табыстады және де жалпы барлық қатысушыларға уағыз айтып, бата берді.
Осындай сайыстар әлі де жалғасын таба беретін болады.







