ИМАМ ӘСКЕРИЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ИМАМ ӘСКЕРИЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

649
1 мин
 ИМАМ ӘСКЕРИЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

 

 24 наурыз күні әскери бөлімде маңызды кездесу өтті. Аталған шараға қалалық «Ақмешіт» мешітінің наиб Біржан Бахытұлы қатысып шара барысында суицидтің алдын алу, лудомания (ойынқұмарлық) мәселесі және қасиетті Рамазан айының маңыздылығы туралы сөз қозғалды.

Жиынға әскери қызметкерлер, психологтар және дін өкілдері қатысты. Сарапшылар суицидтің алдын алу жолдары, психологиялық қолдау көрсету және тәуелділіктің зияны туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, Рамазан айының рухани тазалық пен өз-өзіңді тәрбиелеудегі рөлі ерекше аталып өтті.

Кездесу барысында әскерилер көкейіндегі сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Шара ұйымдастырушылары мұндай кездесулердің маңызы зор екенін атап өтіп, алдағы уақытта да осындай іс-шаралар жалғасатынын жеткізді.

99802e59-9045-4f1f-af86-96e899f9ec95.jpg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс