Рухани келісім күні аясында «Ержан» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты мен жергілікті тұрғындар арасында үстел теннисінен спорттық турнир өтті.
Шараның басты мақсаты — қоғамдағы бірлік пен татулықты дәріптеу, бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмір салтына ынталандыру.
Жарыс тартысты әрі жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өзара шеберлік байқасты.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мешіт басшылығы осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.









