Бертымұратов Жолдас Қоспақұлы
ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы
Қадірлі достар!
Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мерекенің біз үшін маңызы зор. 1991 жылдың 25-ші қазанында еліміздің Тәуелсіздігіне жол ашқан тарихи құжат – Егемендік туралы декларация қабылданды.
Соңғы жылдары Республика күнінің мән-маңызы ерекше артып келеді. Бұл күн халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мерекеге айналды.
Егемендік — еліміздің еңсесін тіктеген ерекше ұғым. Егемендік — тіліміз бен ділімізді, дініміз бен дәстүрімізді тұғырға қойған үлкен нығмет. Ендеше осы бір асыл дүниенің қадірін білейік. Оң өзгерістерге қадам басқан Отанымыздың алдында ауқымды міндеттер, асқаралы мақсаттар тұр. Сол жолда аянбай еңбек етейік. Тәуелсіздіктің тұғырлы, егемендігіміздің ғұмырлы болуы үшін жұдырықтай жұмылып, күш-жігерімізді біріктірейік.
Біз – байрағын биік ұстаған баталы елдің ұрпағымыз. Ендеше көтерген Туымыз төмен түспесін!
Елдігіміз – биік, ертеңіміз – баянды болғай!
Мереке құтты болсын!