Құрбан Айттың алғашқы күні Екібастұз қалалық мешітінде бас имам жамағатқа уағыз айтып, айт намазын өткізді.
Намаздан кейін мешіттің ауласында қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Соның ішінде қазақша күрес, кір тасын көтеру, арқан тартыс, қол күресі, асық ойындары секілді ойындар тартысты өтті.
Сайыста өзінің мықты екенін көрсете білген жеңімпаздарға алғыс хат және ақшалай сыйлықтар табысталды.













