Бүгін Екібастұз қалалық мешітінде ауданға қарасты ауыл имамдарымен жиналыс өткізілді. Жиналыста Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы Омаров Нұрсейт 2026 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
Атап айтқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы, 2026 жылы негізгі төрт бағытқа- ихсан және насихат, діни-ағарту, дәстүр және отбасы құндылықтарын нығайту, сондай-ақ жат діни ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстарға ерекше басымдық берілетіні айтылды. Имамдық жұмыс жауапты һәм сауапты жұмыс, бұл жауапкершілік Рамазан айында одан да арта түседі. Сондықтан да Рамазан айына байланысты бірнеше тапсырмалар берілді.
Алла Тағала Рамазан айындағы жауапты һәм сауапты ісімізді абыроймен атқаруды нәсіп етсін.


