Павлодар қалалық «Ғазиз» мешітінің найб имамы Асқар Қуаныш өткен 2-3 жылдан бері өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлының тапсырмасымен облыс бойынша жамағатты умра қажылыққа дайындау ісін жауаптанды. Осы уақыттан бері аталмыш міндетті іс болдыру мақсатында біршама аудан, ауыл мешіттерінде болып халыққа Исламның бір парызы болған қажылық және умра сүннет амалы туралы насихат жүргізді.
Осы арқылы Ертіс, Ақтоғай, Ақсу, Екібастұз, Шарбақты, Успен, Баянауыл, Железинка, Тереңкөл, Аққулы аудандарында жұма өткізіп, жамағатқа умра қажылығы туралы насихаттаса, Майқайың кенті және Кенжебай ауылдық мешіттерінде жамағатпен кездесті.
«Бұл кездесулерде қажылықтың міндеттілігі, парыз болуы, умра мен қажылықтың айырмашылығы, ҚМДБ-ның төл фирмасы «Тауаф трайвел»-ді насихаттау, елімізде рұқсат етілген фирмалар, қажылықтың амалдары, әйел адамның махрамсыз умраға өтпейтіні, қажылыққа үлкен дайындықпен барудың қажеттілігі, қажылықтан келгеннен кейін қандай амалдар жасау, не істеу керек т.с.с көптеген тақырыптар халыққа кеңінен насихатталды»-дейді имам Асқар Қуаныш.






