БАС ИМАМ ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫНДА

БАС ИМАМ ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫНДА

1505
1 мин
БАС ИМАМ ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫНДА

Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы арнайы іссапармен Тереңкөл ауданында болды. Облыс бас имамы бірінші кезекте күллі арқа өңіріне танымал болған дін қайраткері, хазірет Сейділда қажының жаңадан көтеріліп жатқан кесенесіне танысып, зиярат жасап, Құран оқыды. Өкіл имамның жанында Тереңкөл ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы мен Тереңкөл ауданының бас имамы бірге жүрді.

Жолдас қажы Қоспақұлы келесі кезекте Трофимовка аулы мешітінде жамағатпен кездесіп, 2024-«Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы ҚМДБ-нан атқарылып жатқан жұмыстар туралы және жалпы дін мен дәстүрдің маңыздылығы туралы халыққа түіндіріп, насихат айтты.

Одан кейін Томарлы аулы «Ордабай қажы» мешітінде жамағатпен кездесу болып, ол жерде жат ағымдардан сақтану жолдары, әсіресе жастар мен балаларға қатты көңіл бөлу керектігі жайлы насихаттар айтылды.

Соңында Жаңабет аулы мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып, халықпен кездесті. Кездесуде «Конституция күні», «Білім күні» туралы уағыз айтып сұрақтарға жауап берді.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

фф.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс