24 қыркүйек күні Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы Екібастұзға барған іс-сапары аясында Екібастұз қаласындағы Қаныш Сатбаев атындағы инженерлік-техникалық институтының студенттерімен кездесті.
Кездесуде дәстүрлі ислам, жат ағымдардан сақтану, білім тақырыптарында насихаттар айтылып, студенттермен еркін сұхбат жүргізді.
Келесі кезекте Екібастұз қаласында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысы барсымен танысты.






