Ертіс ауданында айт мерекесі жылдан-жылға қанатын кеңге жайып, тәрбиелік тағлымы мол мерекеге айналуда. Оған дәлел биылғы Құрбан айттың үлкендер мен балалар арасында қызығушылық туғызуынан көруге болады.
Құрбан айтының алғашқы күні аудандық орталық «Ержан» мешітінде таңғы 6:30 айт намазында мешітке жиналған жанның қарасы көп болуы. Намаздан кейін жамағат үйлерінде құрбан шалған соң орталық стадионға жиналып, ынтымақ пен бірліктің арқасында түрлі спорттық ойындар өткізілді. Алдын-ала жоспар бойынша ересектер мен балалар арасында өткізілген жарыстар халық көңілінен шықты.
Қазақ күресінен өткізілген турнирде бірінші орынды Ерғантай Еламан, екінші орынды Құдайбергенов Темірғали, үшінші орынды Манап Рахат иеленді.
Қол күресі 70 кг салмаққа дейінгі сайыста бірінші орынды Жакенов Меден,екінші орынды Омаров Ерқанат,үшінші орынды Хазимов Марат иеленді.
70 кг-нан жоғары салмақта бірінші орынды Ларин Михаил, екінші орынды Ақылбек Нұрсұлтан, үшінші орынды Қайратұлы Бақберген иеленді.
Сондай - ақ гир тасын көтеру, ер балалар, қыз балалар арасында садақ ату, ер балалар, қыз балалар арасында 400метрге жүгіруден де жарыстар өткізілді.
Спорттық жарыстармен қатар мешітке келіп дәріс алып жүрген шәкірттер арасында хадис оқу сайысы да өткізілді.
Бұл сайыста сауаттылар алға шықты. Бас жүлде велосипедке ие болған «Ержан» мешітінің шәкірті Саталғанов Кәрім. Екінші орынға «Ағашорын» мешітінің шәкірті Амангелдинов Думан,ал үшінші орынға екі бала ие болды. Олар; «Ержан» мешітінің шәкірті Серік Юсуф және Қызылжар мешітінің шәкірті Сапаров Ерасыл.
Өнерімен өрге озған шәкірттер мен жерлестерге әр уақытта биіктерден көрінсін!
Келесі айт күндерінде төрт көзіміз түгел игі істердің куәсі болуды Алла нәсіп етсін!














