АУЫЛДА ӨТКЕН АЙТУЛЫ ШАРА

АУЫЛДА ӨТКЕН АЙТУЛЫ ШАРА

785
3 мин
АУЫЛДА ӨТКЕН АЙТУЛЫ ШАРА

Шарбақты ауданы, Жылыбұлақ ауылында ауқымды рухани-мәдени шара ұйымдастырылып өткізілді. Шара ауыл халқының игілігі үшін ауыл мешітінің асханасының ашылу салтанатына арналды. Жергілікті халықтың ынтымағы мен ұйымшылдығының нәтижесінде бой көтерген бұл асхана – ауылдағы діни, рухани және мәдени іс-шаралардың жаңа орталығына айналмақ.

Шараға Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы арнайы қатысып, елмен бірге қуанышқа ортақтасты. Сонымен қатар, алыс-жақыннан келген ауыл тұрғындары, ел ағалары, ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар бас қосып, ауызбіршілік пен бауырмалдықтың үлгісін көрсетті.

Шараның ресми бөлімі Шарбақты ауданының бас имамы Исабек Ақжолдың қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Құран бағышталып, дұға жасалды.

Бас имам Жолдас қажы Қоспақұлы жиналған жамағатқа жүрекжарды құттықтау сөз арнап, ел бірлігінің, дін мен дәстүр сабақтастығының маңыздылығына тоқталып, рухани насихат айтты.

Шара барысында осы игі іске атсалысқан, қолдау білдіріп, үлес қосқан белсенді азаматтар мен ел аналарына арнайы алғыс хаттар мен ықылас сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ жаңа салынған мешіт асханасына облыс бас имамы атынан арнайы сыйлық тарту етіліп, елге деген ізгі ықылас білдірілді.

Салтанатты сәт ақындардың жүрек тебірентер арнауларымен жалғасып, ауыл азаматтары кәсіпкер тұлғаларға құрмет көрсетіп, арнайы сый-сияпаттарын табыс етті. Елге үлгі болар еңбегімен дараланған Еркін мырзаның үлесі ерекше аталып, ауыл ақсақалдары мен ағайын-туыс ел атынан ардақты азаматқа арғымақ ат мінгізілді. Бұл – ұрпаққа үлгі боларлық ерекше дәстүрлі құрмет.

Шара одан әрі ауыл тұрғындарына ас беру рәсімімен жалғасып, бесін намазынан кейін аудан көлемінде әр ауылдан жиналған ақсақалдар арасында мешіт ішінде “Дін мен дәстүр” бағыты бойынша бата сайысы ұйымдастырылды. Бұл рухани байқауға ауыл қарияларымен қатар жас буын балалар да белсене қатысып, ұлттық тәрбиенің жалғасушысы ретінде өз өнерлерін көрсетті. Жүлделі орындарға ие болған батагөй қариялар мен балаларға арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Бұл – ел руханияты мен жас ұрпақ тәрбиесіне қосылған үлкен үлес болды.

Шараның көрігін қыздырған келесі бөлім – ұлттық спорт ойындары болды. Ел ішіндегі батырлар мен палуандар өзара мықтыны анықтап, қол күрес, арқан тартыс, қой көтеру сияқты дәстүрлі жарыстарда бақтарын сынады. Ерлер арасында жоғары салмақта өткен балуандар күресі де көрермен көңілінен шықты. Сонымен қатар, алыс-жақыннан арнайы келген шабандоздар жүйрік тұлпарларын бәйгеге қосып, дода думанды қызықтыра түсті. Жүлделі орындарға арнайы бағалы сыйлықтар табысталып, ұлттық дәстүр мен мәдениеттің, спорт пен имандылықтың тоғысқан бұл шара – халық жадында ұзақ сақталатын, береке мен бірліктің, иман мен ізеттің нышаны ретінде өтті.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

9.jpeg

10.jpeg

11.jpeg

12.jpeg

13.jpeg

14.jpeg

15.jpeg

16.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс