Кенжекөл ауылы, «Шайқы ата» мешітінің ұйымдастыруымен, Павлодар ауданына қарасты мешіт имамдары өзара бас қосып жылдағы қалыптасқан тәртіппен Кенжекөл ауылында жиналды. Осыдан бұрын дәл осындай кездесу Атамекен, Чернорецк ауылдарында ұйымдастырылған болатын.
Осы жолы да «Шайқы ата» мешітінің имамы Маралбек Жанбырбайұлы және мешіттің ұжымы мен жамағатының қонақтарға жайған ақ дастарханының басында иман көтеретін жақсы уағыздар айтылды. Имамдар өмірлеріндегі болған қызықты, ғибыратты әнгімелерін айтып көңілді отырыс болды.
Имамдар, арасында ұлттық ойнымыздың бірі болған садақ атудан жарысып бой жазды. Павлодар ауданының имамдарына жетекші болып жүрген «Ақ мешіт» мешітінің бас имамы Әбілқайыр Қазбекұлы имамдарға ризашылығын айтып, осындай ауызбіршілікте болайық деп айтты. Имамдар баталарын беріп келер жылы да аман – есен басымыздың қосылуын тіледі.
Осындай жиындарда имамдар бір бірінің қал – жағдайларын біліп, бір жыл бойы атқарылған жұмыстарын әнгімелеп, тәжрибелерімен бөліседі. Сол себептен имамдардың бір – біріне деген сүйіспеншілігі, имандары артады.




