РАНТ мүшесі, белгілі ұстаз Арман Қуанышбаев Павлодар облысына арнайы сапармен келді. Бірінші кезекте Павлодар қаласы маңында орналасқан № 63 және №45 түзету мекемесінде болып сотталушылармен кездесу өткізді. Кездесуде дәстүрлі ислам, дін мен дәстүрді ұстану, жат ағымның ықпалынан сақтану туралы егжей-тегжейлі баяндады. Кездесу соңы сұрақ-жауаптармен аяқталды.
Келесі кездесу арнайы Павлодар облысының дін қызметкерлері, имам-молдалармен болып «Уағыз айтудың әдебі» тақырыбында өрбіді. Келелі әңгімеде уағызды қалай айту, не нәрсеге көбірек көңіл бөлу, жамағатты қалай көбейту т.б көптеген мәселелер қамтылып, сұрақ-жауаптармен аяқталды.








