ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти хазірет Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен әр апта сайын дүйсенбі күні қала, аудан имамдарымен жиналыс өткізіп, өткен аптаны жұмыстарды талқылау, алдағы аптаның жұмыстарын тыңдау, жоспарлау, қала, ауд, облыс көлеміндегі діни жағдайларды біліп отыру ісі қолға алынуда.
Бүгін, яғни қазан айының 14-і, дүйсембі күні Павлодар облысы өкілдігіне қарасты қала имамдары орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітіне жиналды. Ал ауд имамдары жиналысқа зум форматымен түгелдей қатысып, Мүфтият тапсырмалары бойынша атқарылатын жұмыстар жан-жақты талқыланды.


