Ақсу қалалық мешіті қасиетті Рамазан айын үлкен дайындықпен қарсы алуда. Мешіттің кіші залына жаңадан 10 стол, 100 орындық жасалды. Оразада мешіт атынан ұйымдастырылатын 30 күндік ауызашарға арнайы орын дайындалды. Кіші асхана жанынан есік шығарылып әр күн сайын 40-50 адамға ауызашар берілетін орын дайын болды.




