ҚМДБ, «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының нұсқауымен Павлодар облысына қарасты Ақсу қалалық мешітінің жанынан арнайы халықтың игілігі үшін, халыққа жеңілдік көрсету үшін «Жерлеу рәсімін ұйымдастыру орталығы»-ның Ақсу қалалық бөлімі ашылды. Аталмыш обьект заман талабына сай жабдықталған. Бұл орталықтың қызметі әсіресе көп қабатты үйлерде тұрған отбасылар ( мәйітті сақтау, жуындыру, кебіндеу т.с.с) үшін аса қолайлы.
Аталмыш орталықтың ашылу шарасына ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы және «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Ислам Жамшыбайұлы қатысып осы игі істі атқарған Ақсу қалалық мешітінің бас имамы Омаров Әбдімүтәліпке және оған қолдау көрсеткен іскер азаматтарға алғыс айтты.



