Сайысқа “Ақмешіт” мешітінің найб имамы Қанат Тлеубайев, ҚР-ның мәдениет қайраткері, ҚР журналистер одағының мүшесі, Баянауыл ауданының құрметті азаматы, Павлодар обылысының құрметті азаматы, Республикалық бата беру сайысының 2 дүркін жеңімпазы Балтабай Сәкенұлы Сыздықов, ҚР журналистер одағының мүшесі, “ Сарарқа самалы” газетінің тілшісі Тілеуберді Сахаба, “ Ақмешіт” мешітінің ұстазы Нұрмұрат Мүсәйіпұлы қатарлы жандар төрелік етті.
Чернорецк ауылыныңтұрғыны Хусайнов Шерназдан 1 орын,
Павлодар қаласының тұрғыны Худжанов Қайрат 2 орын,
Жамбыл аулының тұрғыны Жакин Ғабит 3 орыниеленсе,
Павлодар қаласының тұрғыны, 76 жастағы Матаев Жақып ақсақал ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
“ Ақмешіт” мешітінің бас имамы Әбілқайыр Қазбекұлы барлық қатысушыларға дініміз бен дәстүрімізді келешек ұрпаққа таза саф күйінде жеткізуіміздің маңызды екенін, оған ақсақалдарымыздың қосып жатқан үлестерімен ерен еңбектерінің нәтижесінде ұлттығымыз бен атадінімізді сақтап қалатындығымызды тілге тиек етіп өмірлеріне бақыт тіледі.
Қатысушы ақсақалдар ұйымдастырушыларға дән риза болды. Сайыстың соңында батагөй ақсақал Балтабай Сыздықов жамағатқа ақбатасын беріп, естелік суретке түсумен аяқталды.






