ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сәйкес мешіт шәкірттері арасында білім сайыстарын өткізу жоспарланған. Осыған орай Павлодар қалалық Умар әл-Фаруқ мешітінің ұйымдастыруымен облыстық Құран Кәрімнің 30-шы жүзін жатқа оқу сайысы өтті. Сайысқа 18 жасқа дейінгі қала, аудан, ауыл мешіттерінен 20 шәкірт бақтарын сынады.
Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын – Абдулла Абушарипұлы (Железин аудандық мешітінің шәкірті),
ІІ орын – Жанғазы Әкімбек (Ақсу қалалық мешітінің шәкірті),
ІІІ орын – Алшын Омар (Ертіс аудандық Ержан мешітінің шәкірті).
Жарыс жеңімпаздары және қатысушыларын Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы алғыс хатпен және арнайы сыйлықтармен марапаттады.








