«ҰЛТТЫҚ САНА, ҰЛТТЫҚ САПА ЖӘНЕ ҰЛТ АНАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

«ҰЛТТЫҚ САНА, ҰЛТТЫҚ САПА ЖӘНЕ ҰЛТ АНАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

846
1 мин
«ҰЛТТЫҚ САНА, ҰЛТТЫҚ САПА ЖӘНЕ ҰЛТ АНАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітіне 98 жасар қари Жұмагүл Мұратқызы келіп, мешітіміздің әйел жамағатымен кездесіп, Құран оқып, бата берді.

Осыған байланысты «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен «ҰЛТТЫҚ САНА, ҰЛТТЫҚ САПА және ҰЛТ АНАСЫ» тақырыбында семинар өткізілді. Мешітімізге Жұмагүл қари апамыз жалғыз келген жоқ, ол кісімен бірге ұлағатты ұстаз Құралай Жарбол, «Ұлт анасы» жобасының авторы Қарлығаш Бекпатшақызы да келді.

Алматыдан арнайы келген меймандар ұлт болашағы, бала тәрбиесі және қоғамдағы әйел затының орыны тақырыбында дәріс оқыды.

Кездесу соңында «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ақерке Тұрғынбай келген қонақтарға жамағат атынан алғыс білдірді.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс