«ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІН БІТІРУШІЛЕР КЕШІ

«ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІН БІТІРУШІЛЕР КЕШІ

99
1 мин
«ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІН БІТІРУШІЛЕР КЕШІ

Павлодар қаласы, Павлодар аулында орналасқан «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінен 2025-2026 -оқу жылында 16 шәкірт түлеп ұшты.

Осыған орай түлектер құрметіне арналған салтанатты бітіру кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше рухани әрі тағылымды атмосферада өтті.

Бұл – шәкірттердің бірнеше жыл бойы алған діни білімі мен тәрбиесінің жемісін қорытындылаған, ұстаздардың адал еңбегі мен ата-аналардың ақ тілегі тоғысқан айтулы күн болды.

Кеш барысында Құран аяттары оқылып, ақ баталар берілді. Медресе басшылығы, қадірлі қонақтар мен ұстаздар түлектерге жүрекжарды тілектерін арнап, дипломдар мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, ата-аналардың еңбегі ерекше аталып, ризашылық білдірілді.

Биылғы кештің тағы бір қуанышты сәті – медресемізге қызметтік автокөліктің табысталуы болды. Бұл игі іс – медресенің дамуына үлес қосқан жомарт жандардың қолдауының айқын көрінісі.

Осындай тағылымды кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барша демеушілерге, қонақтарға, ата-аналарға, ұстаздар қауымына, ұйымдастырушыларға және қызметкерлерге шынайы алғысымызды білдіреміз.

Алла Тағала түлектерімізге алған білімдерін ел игілігіне жұмсап, халқымызға қызмет ететін білімді де иманды азамат болуды нәсіп етсін!

«Құран нұрымен тәрбиеленген, білім мен имандылықты серік еткен түлектерге ақ жол!»

2.jpeg

3.jpeg

01575abe-3f7b-4668-b7e4-1bda95dabc2d.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс