Келіп жеткен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Павлодар қалалық «Ғазиз» мешітінің ұйымдастыруымен, мешіт шәкірттері арасына «Алланың 99 есімін жатқа айту» жарысы өткізілді. Жарысқа мешіттің 19 шәкірті қатысып, Алланың көркем есімдерін арабша жатқа айтып, қазақша мағынасын түсіндіреді. Жарысқа қатысушылардың ең жасы 9-10 жас шамасында, ең үлкені 55-60 жас шамасындағы мешіт шәкірттері болды. Жарыс нәтижесі бойынша
3 орын Бауыржан Сайдуалиұлы (70 мың)
2 орын Абдурахман Ерланұлы (100 мың)
1 орын Рүстем Қасым умра қажылығы және ақшалай сый-сияпаттар жасалды. Қатысушылардың барлығына қажылық «Tawaf travel» компаниясы атынан сыйлықтар берілді.







