Павлолар қалалық "Умар әл-Фаруқ" мешіті,әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Қазақ қоғамындағы тарихта есімі қалған Аналар келбеті"-атты форум Облыстық С.Торайғыров атындағы ғылыми кітапханада өткізілді.
Форумға Павлодар облысының Бас имамы Жолдас Қоспақұлы келіп, қазірғі қазақ еліне қатер төнген қиын-қыстау
уақытта әйелдер қауымының белсенді атсалысып жатқандарына алғысын білдірумен бастап,ары қарай жалпы биыл
"Ислам және дәстүр құндылықтары" жылы екенін айта отырып,дініміз бен дәстүрді бірге алып жүрген қазақтың текті ұрпақтарымыз екенін мақтан тұтатын халық екенімізді айта кетті. Және сол бағытта тәрбие беруде қазақ аналарының
қосатын үлесінің өте зор екенін атап өтті. Ары қарай Құран оқып,бата берілді.
"Халқымыздың Асыл аналары"-тақырыбында кітап көрмесіне, кітапханашы Жайсанғалиева Гүлбаршын Орынғалы қызы шолу жасап,таныстырды.Умар әл-Фаруқ мешітінің ұстазы Балтабаева Баян жалпы тарихта әр дәуірдегі есімдері алтын әріппен жазылған ханшайымдар мен занымдар,батыр аналар мен қыз-келіншектердің есімдерін айта отырып, форумның мақсаты,берер пайдасы жөнінде баяндады.
"Әйел-қыздар секторының"-жетекшісі Ақерке Турғынбай ұстаз "Исламдағы әйел мәртебесі" тақырыбында баяндаса, Кітапхана ісінің ардагері, «Марғұлан» Университеті ардагерлер кеңесінің мүшесі,"Қажылар қауымдастығының" мүшесі Хадиша апамыз "Домалақ ана" жайында кеңінен ақпарат берді. Төлешова Нұрымтай- "Қазақ аналары-дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігінің мүшесі "Айғаным ана"-жайында баяндады. Рахима Хайрол- Екібастұз мешітінің ұстазы "Қыз бала тәрбиесі "және заманауи дінге қызмет етіп жатқан танымал ұстаздарымыз жайында қызықты да тың ақпараттармен бөлісті. "Әжелер мектебінің"-мүшесі Ұмсынған апа " Бопай ханым" жайында баяндады.
Келген спикерлерге "Құран Кәрім"-сыйлыққа алғыс ретінде ұсынылды, форум берумен аяқталды. Келген көрермендер алғыстарын айтып тарқасты.
Алла қатысқан әрбір жанға рахымын жаусын деп тілейміз!



