«ҒАБДУЛ УАҚИТ ХАЗІРЕТ» МЕШІТІНЕ 20 ЖЫЛ

«ҒАБДУЛ УАҚИТ ХАЗІРЕТ» МЕШІТІНЕ 20 ЖЫЛ

1088
1 мин
«ҒАБДУЛ УАҚИТ ХАЗІРЕТ» МЕШІТІНЕ 20 ЖЫЛ

Қыркүйек айының 29-шы күні Павлодар облысы, Аққулы ауданы, «Ғабдул Уақит хазірет» мешітінің 20 жылдық мерейтойы аталып өтті.

«Аталмыш мешіттің құрылысы алғаш 2003 жылы басталып 2004 біткен еді. Сол жылы Аққулы ауданының 65 жылдық мерекесімен қоса үлкен дүбірілі той ретінде мешіттің де ашылу салтанаты болып өткен-ді.

Ал биыл күрделі жөндеуден өтіп, жаңа үлгіде безендіріліп, мешіт асхана кеңейтіліп, жаңадан заманауи мәйітхана іске қосылды.

Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет сарайында басталып, мешіт алғаш ашылған күннен бері қызмет еткен, мешіттің салынуына, көркеюіне үлес қосқан көптеген адамға Алғыс хаттар мен естелік медаль табыс етілді. Сол кезде аудан әкімі болған қазірде ҚР Парламент Мәжілісінің дептутаты Нұржан Кемерұлы Әшімбетов және сол кезде «Ғабдул Уақит хазірет» мешітінің бас имамы болған Омарханов Ерғали қатарлы көптеген адамдар өз естеліктерін айтты.

Ән-күй, ойын-сауықпен жалғасқан шара соңы жиналған қауымға жайылған ақ дастарханмен байып, ақ тілек, алқалы баталар берілді.

Имандылықтың бұл ордасы облысымыздағы үлгілі үлкен мешіттердің бірі» -дейді облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

0.jpeg

1.jpeg

2.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс