КҮНШІЛДІК ПЕН ІШТАРЛЫҚ

КҮНШІЛДІК ПЕН ІШТАРЛЫҚ

348
2 мин
КҮНШІЛДІК ПЕН ІШТАРЛЫҚ

Адам бойындағы жағымсыз мінездердің біріқызғаныш. Мұның ең төменгі, ешкімге залалсызы қызығу болса, ал ең асқынған түрі күншілдік болып табылады . Күншілдік іштарлық пен көре алмаушылықтың қосындысынан тұрады. Көбінесе қызғаншақ адам өзінің қолында бар нәрсені басқа адамға қызғанады, ал күншіл адам өзгенің қолындағыны да қызғанады.

Күншіл пен іштар қызғаншақ сезім бойын бойлаған адамды өзгерту бос әурешілік болып табылады. Өйткені қызғаныш сезім бойын бойлаған адам өзгенің бойындағы қабілет пен дарынды көре алмай, барлық уақытта өзін бақытсыз санап өмірі өтеді. Күншілдік өзгенің дарындылығымен өзіңін әлсіздігін қабылдамай мойындамау болып табылады.Күншіл адам ешқашан кешірмейді және әруақытта жадында сақтап отырады. Қызғаншақ адам беймаза адап іштей күйіп, үнемі беймаза іс-қимылды өзінен өзі күйіп, пісіп бос әурешілікпенен айналысады.Себебі оның жауы өзі. Қызғаншақ адам өз айналасын көреді де, өзін қоршаған дарынды да ақылды адамдардан танығысы да, үйренгісі де келмейді.

Соныменен, күншіл пен іштар адам басқалардың сүрінгеніне, өкінішіне қуанып, жетістігіне, жемісіне өкінеді. Негізінде, көреалмаушылықтың дұшпандығы саған емес, саған осы нығмет берген Аллаға тән құбылыс. Сондықтан күншілдік пен іштарлыққа басыңды қатырып әуре болма. Шамасы жетсе ЖАРАТҚАНмен алыссын. ЖАРАТҚАН сізді де, бізді де қызғаншақтықтан сақтасын!

Күншілдер мен пен іштарлықтардан бойымызды аулақ ұстауғаа тырысайық.

Тарақты Бауыржан Түркістани

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс