ИСЛАМДА АМАНАТҚА ҚИЯНАТ ЖАСАУ ТУРАЛЫ НЕ АЙТЫЛҒАН?

ИСЛАМДА АМАНАТҚА ҚИЯНАТ ЖАСАУ ТУРАЛЫ НЕ АЙТЫЛҒАН?

126
1 мин
ИСЛАМДА АМАНАТҚА ҚИЯНАТ ЖАСАУ ТУРАЛЫ НЕ АЙТЫЛҒАН?

Сұрақ: Исламда аманатқа қиянат жасау туралы не айтылған?

Жауап: Қазіргі қоғамдағы үлкен мәселенің бірі – аманатқа қиянат жасау. Әдетте адамдар арасында мал-мүлік, ақша, зат, құпия сақтау, отбасы сыры сынды дүниелерге қиянат жасалып жатады. Бұл әрекет адамдар мен туыстар арасындағы қарым-қатынасты жояды. Нәтижесінде адамдардың бір-біріне деген сенімдері әлсірейді. Қиянатшылдықты Құран аяттары мен пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінде қаралап, екіжүзділік қасиетке теңеген. «Анфал» сүресінің 27-аятында: «Уа, иман келтіргендер! Аллаға және пайғамбарға опасыздық жасамаңдар. Егер олай істесеңдер, араларыңдағы аманаттарыңа да біліп тұрып қиянат жасайтын боласыңдар» десе, пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: «Екіжүзді адамның үш белгісі бар: сөйлегенде өтірік айтады, уәде берсе орындамайды, аманатқа қиянат жасайды» деген. Демек, қиянат жасау адамдардың бойындағы жаман қасиеттің бірі екен. Мұндай жаман әдеттен арылып, жақсылыққа жарысу – Исламның құптаған амалдарынан.

 

Икрам АЙТАЕВ
Kazislam.kz

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс