БАЛАҒА НАМАЗДЫ ҰРЫП ҮЙРЕТУГЕ БОЛА МА?

БАЛАҒА НАМАЗДЫ ҰРЫП ҮЙРЕТУГЕ БОЛА МА?

1
1 мин
БАЛАҒА НАМАЗДЫ ҰРЫП ҮЙРЕТУГЕ БОЛА МА?

Сұрақ: Балаға намазды ұрып үйретуге бола ма?

Жауап: Ислам мен қазақтың салт-дәстүрінде бала тәрибесі мен имандылыққа баулудың өзіндік қалыптасқан әдептері бар. Бұл әдептер халықтың рухани өмірінен орын тапқан. Адамға бала тәрбиесінде күш емес, мейірміділік, сабырлылық, даналық қажет. Дұрыс тәрбие берсең, кейін балаңнан жақсылығын көресің. Дұрыс тәрбие бере алмасаң, оның салдары болады. Ал, қоғамда кейбір дүмше молдасымақтар дінде бар деп, намазға үйрету үшін жеңіл ұруға болады деген пікірлерін алға тартады. Оны естіген адам кейде ашумен күш қолданады. Ұрып-соғуға болады деген пәтуалар мен көзқарастардың Исламда негізі жоқ. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өнегелі өмірінде кездеспейді. Керісінше физикалық жазалаудан мүмкіндігінше толық бас тартуды қолдайды.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: «Кішілерге мейірімсіз және үлкендерді сыйламайтын адам біздің қатарымыздан емес» деген. Демек, дәстүрлі Ислам мен халықтың салт-дәстүрінде ұрып-соғып имандылыққа бейімдеу деген насихат жоқ. Бұл жат діни топтардың жеке пікірлері.

 

Икрам АЙТАЕВ
Kazislam.kz

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс