Өзіңді менмендіктен тазарт та, рухыңның пәк екенін көр.
Сенің жүрегіңде пайғамбарлардың барлық ілімдері бар - кітапсыз да, ұстазсыз да. (Хазіреті Жәлаладдин Руми)
Өзіңді менмендіктен тазарту — эго (нәпсі, менмендік). Өзіңді «мен білем, менікі дұрыс, күллі жетістіктерді өзіңе телу, менің ақылдылығым мен білімімнің арқасында» деген ішкі дауыстан арылтпайынша, шынайы ақиқатты көре алмайсың.
Рухыңның пәк екенін көру — рухтың таза, жарық екенін сезіне бастайсың. Жүрек көзімен жақсы жаманды ажыратасың. Жүрегіңе толассыз періштелер келіп ишарат пен бағыттауын сезінесің. Өмірдің мәнін ұғынып, әр бір қиыншылыққа сынбай өмір сүруді үйренесің.
Хазіреті Руми үшін жүрек — білімнің көзі. Нағыз даналық тек кітаптан немесе ұстаздан емес, адамның ішкі түйсігінен, жүрек тазалығынан туады.